Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Pfizer-ге арнап вакцина сақтайтын қондырғы сатып аламыз – Денсаулық сақтау министрі

2021 жылдың 23 шілде 2021 19:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елге келген вакциналарды діттеген жеріне жеткізудің алгоритмін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда сақталып отырған вакциналардың бәрі тиісті жағдайда сақталатынын айтқым келеді. Температуралық режимді қадағалайтын нақты мониоринг жүйесі бар. Проблема пайда болса, бірден шешіліп жатыр. Бастапқы және одан әрі қарайғы мониторинг жүргізіліп отырады. Сондықтан, Қазақстанда қазір егіліп жатқан вакцинаның бәрі қауіпсіз және тиісті температура жағдайында сақталуда. 0-ден -8 градусқа дейін температурада сақталатын вакциналарға да, -20 грдаусқа дейінгі температурада сақталатын вакциналарға да қажетті тоңазытқыштар қамтамасыз етілген», - деген министрі Pfizer екпесі елге келіп жатса, оны сақтау қалай ұйымдастырылатынын айтты. Бұл вакцинаны бүлдірмей сақтау үшін Цельси өлшемімен -70 градус темпертурада ұстау қажет.

«Pfizer-ге келетін болсақ, бұл вакиналарды сақтайтын қосымша қондырғы сатып аламыз. Осылайша ол екпені де қажетті суықтықта сақтай аламыз. Вакциналардың бәрі ел ішіне енгеннен кейін арнайы трекермен бірге жөнелтіліп отырады. Ол трекерде вакцинаның айналасындағы темпертура көрініп тұрады. Көлік ауыстырса немесе көліктен тоңазытқышқа түсірілсе, темпертура өлшенеді. Ол үшін арнайы журнал жүргізіледі. Арнайы оқытылған, жауапты адамдар бар. Солар вакцинаның сақталуын қадағалап, тексеріп отырады», - деді Алексей Цой.


Жоғары қарай