Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Pfizer өз қызметкерлерінен COVID-19 қарсы екпе алуды талап етпейді - фейк

2021 жылдың 17 қараша 2021 12:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар мессенджерлерде Pfizer компаниясы өз қызметкерлерінен COVID-19-ға қарсы вакцина алуды талап етпейтіні туралы хабарлама тарады. Пайдаланушылардың пікірінше, бұл - құйтырқылық және әділетсіздік, өйткені жер бетіндегі барлық басқа адам екпе салдыруға тиіс. Шын мәнінде бұл - жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Pfizer компаниясы қазан айының басында АҚШ аумағындағы барлық қызметкерлер ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін COVID-19-ға қарсы вакцинациялануы тиіс деп мәлімдеді.

Вакцинаны белгіленген мерзімде алмағандарға әкімшілік шаралары қабылданады, тіпті жұмыстан да босатылады.

Сонымен қатар, бұған дейін компания вакцинацияланбаған қызметкерлер үшін апта сайынғы ПТР тест тапсыру жолын қарастырған болатын.

Демек, вакцинаны жасаған компания онымен өз қызметкерлерінің егілуіне жол бермейді деген қауесет жалған.


Жоғары қарай