Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Пиротехниканы қалай дұрыс пайдалану керек – маман пікірі

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 17:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Медицина саласындағы төтенше жағдайлар орталығының директоры Альберт Асқаров жаңа жыл кезінде отшашуды қалай дұрыс пайдалану керектігін түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маманның пікірінше, сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды қолдану қауіпті. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар орталығының директоры қазақстандықтарға пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау және пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтауға кеңес береді.

Пиротехникалық бұйымдарды тек ресми сату орындарында сатып алу қажет. «Пиротехникалық заттарды реттелмеген орындарда (базарлар, дүңгіршектер, машиналар және басқа да сауда нүктелері) немесе «таныстардан» сатып алуға болмайды. Себебі, ол жерлерде қауіпті сертификатталмаған немесе заңсыз бұйымдар сатылады», - дейді ол.

Альберт Асқаров атап өткендей, барлық пиротехникалық бұйымдар (петардалар, фейерверктер, салюттар, хлопушкалар және т.б.) міндетті түрде сертификаттауға жатады. Оларды қолдану бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде нұсқаулық болуы тиіс. Нұсқаулықта пиротехникалық бұйымдарды дайындайтын ұйымның (жеткізушініңнемесе импорттаушының) атауы мен орналасқан жері міндетті түрде көрсетілуі керек.

«Пиротехникалық бұйымдарды сатып алу кезінде орамына назар аудару қажет. Онда ылғалды немесе тесілген жерлер, түсініксіз немесе тек шет тілінде мәтін болмауы керек. Тауар белгісі бар пиротехникалық бұйымдарды сатып алған жөн, бұл өнімнің сапасына кепілдік береді», - деді ол.

Пиротехникалық бұйымдарды сақтау және қолдану кезінде Альберт Асқаров келесі ережелерді ұстануға кеңес береді.

Пиротехникалық бұйымдарды құрғақ жерде, түпнұсқа орамада сақтау керек. Пиротехникалық бұйымдарды тез тұтанатын заттардың жанында, сондай-ақ жылыту құралдарының жанында, температурасы жоғары (30°С артық), ылғалды немесе өте құрғақ үй-жайда сақтауға тыйым салынады. Оларды киім қалтасында, сондай-ақ ұзақ мерзімге автокөлікте тасымалдауға болмайды. Пиротехникалық бұйымдарды қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде оқу қажет.

Пиротехникалық бұйымдарды бетке, дененің басқа бөліктеріне және басқа адамдарға бағыттауға үзілді-кесілді тыйым салынады.

Халыққа сатылатын барлық фейерверк бұйымдары от өткізгіш жібі болады, бұйымды қолданар алдында от өткізгіш жіпті алдын ала босатып, түзету қажет.

Білтені күйдіру алдында бұйымның жоғарғы жағына және жанып жатқан элементтердің қайдан ұшатынына көз жеткізу қажет.

Қауіпсіздіктің басты ережесі: фейерверк бұйымдарын ешқашан бөлшектемеңіз!

Пиротехникалық бұйымдармен жұмыс істеу кезінде тыйым салынады:

-пиротехникалық бұйымдарды балаларға ересектердің қатысуынсыз қолдануға.

-пиротехникалық бұйымға механикалық әсер етуге ( басу, ұру, соққы, лақтыру және т. б.).

-пиротехникалық бұйымдарды отқа тастауға.

-пиротехникалық бұйымдарды үй-жайда қолдануға (бенгаль оттары, торт шырақтары, тарсылдақтардан басқасы).

-жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға (бенгаль оттары, торт шырақтары, тарсылдақтардан басқасы).

-пиротехникалық бұйымдарды ғимараттарға, ағаш құрылыстарына, электр беру желілеріне жақын және қауіпті аймақ радиусынан аз қашықтықта пайдалануға.

-пиротехникалық бұйымнан қауіпсіз қашықтықта болмауға.

-пиротехникалық бұйымдағы фитилді күйдіру кезінде,сондай-ақ -пиротехникалық бұйымның жұмысы кезінде оған еңкейіп жақындауға.

-білтелер (фитиль) өшіп қалған жағдайда оны тағы бір рет тұтатуға.

-пайдаланылған пиротехникалық бұйымға оның жұмысы аяқталғаннан кейін кем дегенде 5 минут бойы жақындауға, еңкейіп қарауға.

«Жоғарыда көрсетілген қарапайым ережелерді білу және сақтау тұрғындардың өз және айналасындағы адамдардың денсаулығына зиян келтірмеуге негізделген. Сондай – ақ, пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау және қолдану кезінде өрттің алдын алуға мүмкіндік береді», - деп қортындылады Альберт Асқаров.




Жоғары қарай