Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Полицейлер адамды қағып, қашып кеткен жүргізушіні іздеп жатыр - Ақтөбе

2019 жылдың 3 қараша 2019 12:53

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе - Орск тас жолында белгісіз біреу ауыл тұрғынын қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы туралы көріп, білген жүргізушілерді іздеп жатыр.

«3 қараша күні сағат 6:00 мен 7:30 аралығында Ақтөбеден Орск қаласына немесе Орск қаласынан Ақтөбеге бет алған жүргізушілерден көмек сұраймыз. Қала маңындағы Пригородный 1 ауылы маңында жаяу жүргінші мерт болған. Күдікті оқиға орнынан кетіп қалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Видео тіркеу құралы бар көлік жүргізушілері мына байланыс нөміріне хабарласуды сұрады: 8/7132/936100, 936118, +7-776-546-6666, +7-778-000-2476.

Жоғары қарай