Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Полицейлер Арыс тұрғынынан заңсыз қару тәркіледі

2019 жылдың 23 шілде 2019 17:58

АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысының полиция қызметкерлері Арыс қаласының тұрғынынан заңсыз қару тәркіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20 шілде күні Арыс қаласының көшелерін патрульдеу кезінде полицейлер бір топ жас жігіттерді көрген. Тәртіп сақшылары олардың бірінен қаруға ұқсас затты байқап қалып, тоқтауға бұйрық берген. Алайда жас жігіттер бұйрыққа бағынбай, қашуға тырысқан», - делінген хабарламада.

Полицейлер көлікке отырып, қашпақ болған қарулы күдіктінің ізіне түсіп, оны қолға түсірген. Автокөліктің салонын тінту кезінде полиция қызметкерлері одан аңшы қаруын тауып, тәркілеген.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 287-ші бабына («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын, күдіктінің не себепті өзімен бірге қару алып жүргенін анықтау үсітнде. Заттай айғақтар тәркіленді.


Жоғары қарай