Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Полицейлерге құжатын көрсетпеген атыраулық 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды

2020 жылдың 19 қазан 2020 07:16

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда полицейге бағынбаған мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері 17 қазанда түнгі сағат 01:30-да Тасқала ауылының 9-көшесінде «Skoda Rapid» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Сол кезде жүргізушіден алкогольдік ішімдіктің иісі байқалған.

«Жүргізуш жеке басын анықтау мақсатында құжаттарын сұраған полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған. Полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, құжаттарын беруден бас тартқан. Патрульдік полицейлер мас жүргізушіні облыстық наркологиялық диспансерге жеткізіп, сараптамадан өткізді. Сараптама қорытындысымен 34 жастағы жүргізушінің жеңіл дәрежедегі масаң күйде екендігі анықталды» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мас жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің екі бабымен (Автокөлікті масаң күйде басқарғаны және полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбау) хаттамалар толтырылып, сотқа жолданған. Әкімшілік соттың шешімімен қала тұрғыны 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырыып, 15 тәулікке қамауға алынды.

Еске слаа кетелік, бұдан бұрын Атырауда 385 мас жүргізуші жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айрылған еді.



Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Қоғам,
Жоғары қарай