Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Полиция басқармасына мина қойылған деп хабарласқан аула сыпырушы ұсталды

2020 жылдың 11 тамыз 2020 21:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 30 жастағы аула сыпырушы полиция басқармасына «мина қойды», деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, ақпарат «102» қызметіне кеше кешкі сағат 20:31-де келіп түскен. Абонент Бостандық аудандық полиция басқармасына жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған.

«Саперлер дереу полиция бөлімінде тексеру шараларын ұйымдастырды. Ақпарат расталмады. Сонымен қатар, жедел бөлімшелердің қызметкерлері қоңырау шалушының жеке басын анықтауға және тұтқындауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізді. 1990 жылы туған М. Есімді азамат жұмыс орнында болған (аула сыпырушы болып жұмыс істейді), достарымен ішімдік ішіп отырып, бұзақылық ниетпен полицияға қоңырау шалып, терроризм актісі туралы жалған хабарлама айтқан. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша қылмыс негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды», – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.








Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай