Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Пойыздарда жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа стандарттары қабылданады

2020 жылдың 5 тамыз 2020 17:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде вокзалдар мен пойыздарда жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа стандарттары қабылданады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Темір жолдың жылжымалы құрам паркін жаңартуға 657 млрд теңге, оның ішінде жекеменшік көздерден 455 млрд теңге бөлу жоспарланған. 2025 жылға дейін магистральдық темір жол желісінің тозуын 49 пайызға дейін және локомотивтерді 58 пайызға дейін төмендету көзделген. Осы жылы 50 вагон сатып алынды. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастарды субсидиялау бойынша жұмыс жалғасуда. Оған қазірдің өзінде 20 млрд теңге бөлінді», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол бүгінгі таңда темір жол тасымалдары нарығында салауатты бәсекелестікті дамытуға бағытталған Темір жол көлігі туралы заңның тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын айтты.

«Мұнан басқа, вокзалдар мен пойыздарда жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа стандарттары қабылданатын болады. Бұл жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау сапасын жоғарылатуға әсер етеді», - деді Сайранбек Бармақов.


Жоғары қарай