Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Праймериз: Онлайн дауыс беруде Алматы облысы көш бастады

2020 жылдың 1 қазан 2020 17:46

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Праймеризде онлайн дауыс беруде Жетісу өңірі көш бастады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде праймериз кандидаттарына дауыс беру басталды. Мәліметке жүгінсек, республика бойынша 1-қазандағы ақпаратқа сәйкес 16:20-ке дейін дауыс бергендер жөнінен Алматы облысы көш бастап тұр. Жетісу өңірінен 12 863 «Nur Otan» партиясының мүшесі дауыс берген. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы, Түркістан облысы үздік үштікті түйіндеген. Ел бойынша дауыс бергендердің саны 28 533 адам.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында жалпы 81 840 партия мүшесі бар. Олар 1047 кандидатқа дауыс бермек. Дауыс беру 1-3 қазан аралығын қамтиды және онлайн режимде жүргізіледі. Онлайн дауыс беруге мүмкіндігі жоқ партия мүшелері 3 қазанда сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін дәстүрлі дауыс беруге қатысады.



Жоғары қарай