Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Праймериз жастар арасында көшбасшы әйелдердің көбеюіне ықпал етті – саясаттанушы

2020 жылдың 23 қазан 2020 13:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Праймериз барысында дебаттар көп болды. Бұл саяси жүйенің жақсы дамып келе жатқандығын білдіреді. Бұл туралы Қазақстанның парламенттік сайлау қарсаңындағы қоғамдық-саяси процестерін талқылауға арналған онлайн-конференцияда саясаттанушы Эдуард Полетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұрын Қазақстандағы депутаттар сайлауы мерзімінен бұрын өтетін, сол себепті үгіт-насихат науқаны аз уақыт ішінде жүзеге асатын. Биыл тамыз айында басталған праймериз «Nur Otan» партиясының қайта жаңғыруының құрамдас бөлігі ғана емес, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлау науқанының бөлігі болды деуге болады. Праймериз барысында дебаттар көп болды. Бұл саяси жүйенің жақсы дамып келе жатқандығын білдіреді», - дейді саясаттанушы, «Мир Евразии» қорының жетекшісі Эдуард Полетаев.

Оның айтуынша, заңнамалық өзгерістерге байланысты партиялық тізімнің 30%-ы – әйелдер, 20%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар болуы керек.

«Бұл шешім жастар арасында көшбасшы әйелдердің көбеюіне ықпал етті. Әлеуметтік желілерде мыңдаған оқырманы бар танымал тұлғалар праймериз кезінде алдыңғы орындардан көрінген жоқ. Бұл партияішілік дауыс беру мен жалпыұлттық дауыс берудің арасында айтарлықтай айырмашылық болатынын білдіреді. Праймериз жүйесі елімізде тамыр жаяды деп ойлаймын», - дейді ол.

Шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырды.

Еске сала кетсек, 21 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындау туралы үндеу жасаған болатын.

Сайлау қарсаңындағы жаңа ақпараттық және саяси жағдай жан-жақты сараптамалық талқылауды талап етеді.


Жоғары қарай