Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Праймеризге қатысушы: Халықтың осал тобына әлеуметтік көмек қашан да қажет

2020 жылдың 1 қазан 2020 18:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Daco motors KZ» ЖШС директоры, «Nur Otan» партиясының мүшесі Нұрымбек Тау праймеризге өзінің бағдарламасын ұсынды. Ол Алматы қаласының Алатау ауданын дамытуға ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрымбек Тау 15 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады. Ол 1997 жылы Алматыға Моңғолиядан көшіп келген.

«Мен пандемияға байланысты «Nur Otan «партиясының праймеризіне қатысуға шешім қабылдадым. Қазір Сіз әлемдегі және елдегі жағдайды көріп отырсыз. Адамдар көмекке мұқтаж. Мен өзім кәсіпкерлікпен 15 жылдан бері айналысып келемін. Нан сатып ала алмайтын адамдар да бар екен. Карантин кезінде мен мұқтаж жандарға көмектестім. Сол кезде бәрін өз көзіммен көрдім. Сондықтан, біз тұрмысы төмен отбасыларға көмектесіп және олар туралы айтуымыз қажет. Праймериз – жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Мұнда Сіз өз пікіріңізді айтып, бағдарламаңызды ұсына аласыз», - дейді ол.

Оның айтуынша, халықтың әлеуметтік осал топтарына, көпбалалы және жалғызбасты аналарға көмек қажет. Ол сонымен қатар өзінің бағдарламасында білім, медицина сияқты әлеуметтік мәселелерді де көтермек.

«Менің жұмыс орным Алатау ауданында орналасқан. Ауданда көмекке мұқтаж көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар көп. Сонымен қатар, ауданда спорт секцияларын, жастар орталықтарын, балалар ойын алаңдарын дамыту қажет. Халық көп шоғырланғандықтан, аурухана салу керек. Ауданда бес емхана бар. Бұл – жеткіліксіз. Мен медицина мәселесін жиі көтеремін. Стационарларда төсек-орын жеткіліксіз. Бұған өзім маусым айының ортасында коронавируспен ауырған кезде көз жеткіздім. Алдағы төрт жылда мемлекеттік бағдарламаға сәйкес елде 20 аурухана салу жоспарланып отыр, мен оның біреуі біздің Алатау ауданында салынғанын қалар едім», - деп қосты Н.Тау.

Айта кетейік, праймеризге үміткер карантин кезінде 500-ден астам мұқтаж отбасына көмек көрсеткен.


Фото: instagram.com/nurym_tau

Жоғары қарай