Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Премьер-лига: «Қайрат» «Астанадан» басым түсті

2020 жылдың 30 қазан 2020 18:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 16-турында «Астана» мен «Қайрат» командалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін екі команда 40 мәрте кездесті. Оның 18-де «Астана» басымдық танытса, 12-і «Қайраттың» жеңісімен аяқталды. Қалғанында тең нәтиже тіркелді .

Бүгінгі кездесуде тартысты ойын өрбіді. Екі команда алма-кезек шабуылға иек артты. Ойынның 31-минутында «Қайраттың» шабуылшысы Абат Айымбетов есеп ашты. Осылайша ол биыл өзінің оныншы добын соқты. Сұрмергендер көшінде 10 голмен «Ордабасы» ойыншысы Жоао Паоло алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.

Бүгін «Қайрат» басты қарсыласын 1:0 есебімен жеңді. Турнир кестесінде олардан 14 ұпайға ұзап кетті. «Қайратта» 16 ойыннан кейін 41, «Астанада» 15 ойыннан кейін 27 ұпай бар. Алматылық клуб чемпиондық атаққа бір табан жақындай түсті.

«Астана» енді бес ойын өткізеді. Ал «Қайраттың» алда төрт кездесуі бар.

Сондай-ақ, бүгін Шымкенттің «Ордабасы» және Қостанайдың «Тобыл» командалары арасында қызықты жекпе-жек өтті. Бұл кездесуде қостанайлық клуб сапынан 48-минутта Руслан Валиуллин есеп ашса, 57-минутта шымкенттік футболшы Виктор Дмитриенко өзінің қақпасына гол соғып алды. Қорытынды есепті 84-минутта «Тобыл» ойыншысы Сенан Себаи белгіледі. Осылайша қостанайлық ұжым қарсыласын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Бүгін аталған турда енді «Қайсар» мен «Қаспий» командалары кездеседі. Ойын елорда уақытымен 19.00-де басталады.

Ертең, 31 қазанда «Қызылжар» мен «Жетісу», «Оқжетпес» пен «Тараз» командалары шеберлік байқасады.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай