Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент: 2030 жылға қарай елдегі бидай шығымы 40 пайыз төмендеуі мүмкін

2021 жылдың 13 қазан 2021 17:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев климаттың өзгерісі елдегі бидай шаруашылығына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық Азия өңіріндегі климаттың жылыну жеделдігі алаңдатады әрі шұғыл әрекеттерді қажет етеді. Бұл әсіресе су мен азық-түлік қамсыздығын, қауіпсіздігін сақтау бөлігінде өте маңызды. Қазақстан жылына 7 млн тоннаға дейін бидай экспорттап, азық-түлік бидайы мен ұн өндірушілердің ірі ондығына кіріп отыр.

Алайда жағымсыз сценарий іске асқан жағдайда 2030 жылға қарай бидайдың шығымы 40 пайызға дейін төмендеуі мүмкін», - деді Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференциясында.

Айта кетейік, елордада «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференция өтіп жатыр.

Шараға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, сондай-ақ БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, іскер топтар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысуда.


Жоғары қарай