Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
CNY 55.96

Президент Бас прокурорға жазасын өтеушілерді азаптау деректерін тергеуді тапсырды

2019 жылдың 31 шілде 2019 13:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түзету мекемесінде жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Алматы обл. Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-ге ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде формадағы адамдардың тұтқынға жәбір көрсетуі туралы видео тараған еді. Бейнежазба қоғам наразылығын тудырды.

Салдарынан колонияның 7 қызметкері жұмыстан шығарылды.

Бұл оқиғаға қатысты ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пікір білдірген болатын.

Жоғары қарай