Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Президент бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі туралы заңға қол қойды

2020 жылдың 25 мамыр 2020 15:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.


Басты сөздер: Заң, Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай