Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Президент бизнес өкілдерімен кездеседі

2022 жылдың 19 мамыр 2022 17:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

«Бұл шараға Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің басшылығы, құқық қорғау органдары мен бақылау-қадағалау функциясы бар мемлекеттік органдардың жетекшілері де шақырылған.

Күн тәртібінде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясатты іске асыруға атсалысу, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсету мәселелері қарастырылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент нақты шешімдер қабылдайды», - делінген онда.


Жоғары қарай