Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Президент «Digital Centre» цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығына барды

2019 жылдың 20 қараша 2019 18:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Digital Centre» орталығында Мемлекет басшысына тұрғындар мен ел қонақтарына қызмет көрсететін электронды үкімет жүйесі таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «eGov mobile» мобильді қосымшасы, Facebook, VKontakte әлеуметтік желілері мен Telegram мессенджері арқылы мемлекеттік қызмет алудың жаңа мүмкіндіктері мен артықшылықтары көрсетілді. Сонымен қатар 2020 жылға қарай мемлекеттік қызмет көрсетудің 90 пайызын цифрлық форматқа көшіру жоспары туралы да айтылды.










– Бастысы – сапа мен жедел қызмет көрсету. Біз жоғары технологияларды пайдаланатын алдыңғы қатарлы ел болуымыз керек деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Бүгінде «Digital Centre» орталығында 1220 адамның биометриялық дерегі тіркелген. Осының арқасында олар өздерінің жеке құжаттарын көрсетпей-ақ мемлекеттік қызмет ала алады. Орталық қашықтан видео-сервис арқылы қызмет көрсетеді. Сондай-ақ елорда тұрғындары бұл жерде цифрлық сауаттылық дағдыларын меңгереді.







Жоғары қарай