Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының сессиясында үндеу жасайды

2021 жылдың 31 мамыр 2021 18:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 19:00-ден кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-ші сессиясының жабылу салтанатында видео үндеу жасайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды

24 мамыр мен 1 маусым аралығында өтіп жатқан шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 194 мемлекеттің делегаттары қатысып жатыр. Сессияның негізгі тақырыбы «Қазіргі пандемияның аяқталуы және алдағы індеттердің алдын алу: тиімді, қауіпсіз әрі бейбіт әлемді бірлесіп құру».

Жиынның тікелей көрсетілімін https://www.who.int/.../seventy-fourth-world-health-assembly веб-сайтынан көруге болады.


Жоғары қарай