Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Президент ғылымның қандай бағыттары қаржыландырылатынын айтты

2020 жылдың 27 мамыр 2020 13:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет іргелі ғылым мен зерттеу институттарының базалық қаржыландыру көлемін арттыру мүмкіндігін қарастыруы қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Толықтай алғанда, ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайтамыз және 2025 жылға қарай оны жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына жеткіземіз. Бұл ретте, біз ешкім оқымайтын қажетсіз жұмыстар мен зерттеулерді қаржыландыра алмаймыз. Әрбір ғылыми жұмыстан сұраныс және нақты әлеуметтік-экономикалық әрі өндірістік-техникалық қайтарым болуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру ұлттық ғылыми-техникалық міндеттер негізінде ғана бөлінуі қажет.

«Күш-жігерді және ресурстарды медициналық-биологиялық зерттеу, агроөнеркәсіптік ғылым, жасыл технология, жасанды интеллект, энергия үнемдеу сынды салаларға бағыттаған жөн», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бірреттік гранттық конкурстар нәтижесіне қарамастан үздіксіз жүзеге асырылуы тиісті іргелі зерттеулер жүргізумен айналысатын ғылыми ұйымдарды тікелей қолдау маңызды екендігін баса айтты.

«Үкімет іргелі ғылым мен зерттеу институттарының базалық қаржыландыру көлемін арттыру мүмкіндігін қарастыруы қажет», - деді Президент.


Жоғары қарай