Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық Арена» спорт кешеніне барды

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 19:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенін аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорт кешеніндегі жаттығу залдары таныстырылды. 2500 адамға арналған спорт кешенінде баскетбол, волейбол, футбол, жеңіл атлетика, бокс, дзюдо, ауыр атлетика, суда жүзу, шағын футбол сияқты спорттың 19 түрімен шұғылдануға жағдай жасалған.

Президент кешенде жаттығып жүрген спортшылармен әңгімелесу барысында спорт саласы, бұқаралық спорт түрлерінің дамуы мемлекеттің ерекше назарында болатынын, барлық өңірде заманауи спорт нысандарының салынып жатқанын айтты. Мемлекет басшысы спортшылардан болашақта әлем және олимпиада чемпиондары шығатынына сенім білдірді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшыларға табыс тілеп, естелік суретке түсті.






























Жоғары қарай