Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

2021 жылдың 3 наурыз 2021 12:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысына биылғы ақпан айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, дүниежүзілік экономиканың қалпына келу перспективалары мен әлемдегі азық-түлік бағасының инфляцияға әсері туралы баяндалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа алтын-валюта резервтерінің жағдайы мен Ұлттық қордың активтерін басқару жайында есеп берілді, сондай-ақ, Ұлттық Банктің ішкі жалпы өнім бойынша жаңартылған болжамдары мен 2021 жылға арналған төлем балансы жөнінде айтылды.

Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану тетігін іске асыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын баяндап, Ұлттық Банктің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстары туралы айтты.

Президент азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығын қолдау шараларын цифрландыру процесін жылдамдатуға атсалысуды тапсырды.

Жоғары қарай