Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент: Қазақстан – әлемде ең көп энергия пайдаланатын елдердің бірі

2021 жылдың 26 мамыр 2021 17:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан экономикасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен салыстырғанда энергияны 3 есе көп пайдаланады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңесте осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынды ашқан Мемлекет басшысы еліміздің электр энергетика саласын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінде энергетиканың Қазақстан экономикасындағы рөлі зор.

«Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Қазақстанда энергияны тұтыну қарқыны жылдан жылға артып келеді. Бірақ іске қосылып жатқан жаңа қуат көздері оған сай емес. Сұраныстан артық өндірілген электр қуаты таяу арада сарқылуы мүмкін. Шын мәнінде, еліміздің дамуы энергетика саласының тұрақтылығына тікелей байланысты», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өз сөзінде энергияны тиімді жұмсауға және үнемдеуге баса мән берді.

«Қазақстан – әлемде ең көп энергия пайдаланатын елдердің бірі. Біздің экономика Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен салыстырғанда энергияны 3 есе көп пайдаланады. Бұл ретте біздің ішкі жалпы өнім құрылымында қызмет көрсету секторының үлесі басым. Бұл өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі қоры мен құрал-жабдықтары Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының және әлемдегі басқа да озық елдердің заманауи стандарттарына сай келмейді дегенді білдіреді. Өнеркәсібіміздің негізгі қорларын шынайы жаңғыртудың орнына, көбінесе көзбояушылық жасалады», – деді Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай