Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Президент кеңесшісі: Қазақстан климаттың өзгеруін назарда ұстауы керек

2021 жылдың 13 желтоқсан 2021 23:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ұлт мүддесі» бағдарламасында ҚР Президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти климаттың құбылуы да экономикаға пандемиядан кем соқпайтын зардап әкелуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемиядан бөлек климаттық өзгерістерді назарда ұстауымыз керек. 20 жыл бұрын бұл тақырып ешкімді де алаңдатпайтын. Қазір бәрінің назары климатта. Әр ел өз әлінше зерттеп жатыр. Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік банк сияқты қаржы алпауыттары Қазақстанды да, басқа мемлекеттерді де жіті бақылап отыр. Климаттың өзгеруіне қалай әрекет етіп жатыр, тығырықтан қалай жол таппақшы дегеннің бәрін назарда», - дейді Мемлекет басшысының кеңесшісі.

Оның айтуына қарағанда, Үкімет осы тұрғыда да тыңғылықты ойлланып, нақты шараларды ойластыру керек.

«Әрине, бұл жаңа сынақ деуге болады. Бірақ Қазақстан экономикасы орнықты болуы үшін бұл сынақ та біз үшін қалыпты құбылысқа айналуы керек. Бұл оңай шаруа емес, бірақ мен Үкімет те, Президент те климат мәселесіне шын мәнінде көңіл аударып, нақты айналысады деп сенемін», - деді Сэр Сума Чакрабарти.


Жоғары қарай