Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

2019 жылдың 2 шілде 2019 18:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысына биылғы бірінші жартыжылдықтағы елдегі Конституциялық заңдылықтардың сақталуын бақылау жөнінде мәлімет берілді. Кеңес төрағасының айтуынша, ел аумағындағы барлық іс-шаралар Конституцияға сәйкес өткізілген.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Мәмиге Конституциямыздың толық әлеуетін әлі де кеңірек қолдануға, азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылауды назарда ұстауға тапсырма берді.

Жоғары қарай