Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент:  Меморган басшылары «100 жаңа есім» жеңімпаздарымен кездесіп тұруы керек

2021 жылдың 30 сәуір 2021 17:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен тұрақты кездесіп тұруы керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоба финалистерімен кездесуінде осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында жүйелі жаңғыртулар арқылы жаңа серпілістің негізін салу қажеттігін атады.

«Жоғарыда айтқанымдай, біз мемлекеттілігіміз үшін маңызды осынау мерейтойды азаматтардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне бағытталған нақты істер мен жобалармен толықтыруға тиіспіз. «100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарының қызметі мен бастамалары осы өзекті міндетке толық жауап береді. Олардың идеялары мен ұсыныстарын неғұрлым тиімді ілгерілету үшін финалистердің орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен тұрақты кездесулер практикасын жүйелі негізде енгізу қажет. Менің ойымша, бұл өзара пайдалы болады», - деген Мемлекет басшысы еліміздің талантты жастары кәсіпқойлықтың жаңа белестерін бағындыру арқылы туымызды биікке көтере беретініне сенім білдірді.


Жоғары қарай