Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент Несіпбек Дәутайұлының жақын туыстарына көңіл айтты

2021 жылдың 30 тамыз 2021 13:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Дәутайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

«Несіпбек Дәутайұлы баспасөз саласында жемісті жұмыс жасады. Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облысы бойынша филиалына жетекшілік етті. Еліміздің рухани-мәдени байлығын арттыруға мол үлес қосты. Қарымды қаламгер ретінде шығармашылық жолдағы табыстары да өте мол. Тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды, әдеби сыйлықтарға ие болды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», –делінген жеделхатта.

Еске салсақ, кеше жазушы Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті.



Жоғары қарай