Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Президент шенеуніктерге бюрократиямен айналыспауды ескертті

2020 жылдың 10 шілде 2020 13:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жауапкершіліктен қашып, бюрократиямен айналысуға болмайды. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақорда баспасөз қызметінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Пандемиямен күрес барлық күшті, бастамашылықты, өзіңе жауапкершілік қабылдау мен көшбасшылықты жұмсауды талап етеді. Төтенше жағдай режимі аясында бюджеттеу, мемлекеттік сатып алу саласындағы бюрократиялық процедураларды жеңілдету бойынша жедел қабылданған шаралар өз нәтижесін берді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, стандартты процедура тәртібі тыныш уақытқа есептелінген.

«Қазір біз соғыста жүрміз. Сондықтан әрбір басшыдан жедел мәселелер мен тапсырмаларды шешуде барымша тиімділік талап етіледі. Жауапкершіліктен қашып, бюрократиямен айналысуға болмайды», - деді ҚР Президенті.

Айта кетейік, видеобайланыс арқылы өтіп жатқан жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылды.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындайтын міндеттер жөнінде Премьер-Министр Асқар Мамин, ақша-несие саясатына қатысты шаралар туралы Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндама жасады.


Жоғары қарай