Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент Стратегиялық жоспарлау агенттігінің кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды

2020 жылдың 6 қазан 2020 15:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Құжатта Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереже, Агенттіктің құрылымы берілген.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылады.

Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдау Үкіметке тапсырылған.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтемеде танысуға болады.

Еске сала кетсек, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында елімізде Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылатынын мәлім етті.


Жоғары қарай