Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Президент: Табыс салығы айлығы төмендерге азайып, жоғарыларға көбейеді

2020 жылдың 11 мамыр 2020 13:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда табыс салығы айлығы аз азаматтарда азайып, айлығы жоғары азаматтарға көбейетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төртіншіден әлеуметтік әділеттілікті атынан айлық еңбекақы мен табыстың өзге де түріне қатысты жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізу керек деп есептеймін. Прогрессивті шкаланың мағынасы – айлығы онша жоғары емес азаматтар бүгінге қарағанда аз төлесе, ал айлығы көп азаматтар үшін салық мөлшері көбейеді», - деді Президент төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия отырысында.

Мемлекет басшысы мұндағы мақсат – айлық еңбекақының барынша көп әрі жабық сегментін «көлеңкеден» шығару екенін жеткізді.


Жоғары қарай