Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент тапсырмасы: Алматыда сегіз мектеп салынып жатыр

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 20:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде Мемлекет басшысының мектептер салу туралы тапсырмасын орындау барысы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 12 600 оқушыға арналған 8 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның бесеуі орын тапшылығы ең жоғары Алатау ауданында салынуда. Атап айтар болсақ, «Саялы» шағын ауданында – 1 800 орынды, «Дархан» шағын ауданында – 1 500 орынды, «Мәдениет» шағын ауданында – 1 500 орынды, «Томирис» шағын ауданында – 1 500 орынды, «Нұркент» шағын ауданында – 1 500 орынды.

Наурызбай ауданының «Қалқаман» ықшамуданында – 1 500 орынды, «Қалқаман-2» – 1 800 орынды.

Түрксіб ауданының «Қайрат» шағын ауданында -1 500 орынды.

«Қалқаман-2», «Томирис» және «Саялы» шағын аудандарындағы үш мектепті осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарда.

Сондай-ақ, №81, 40, 45, 54 мектепте сейсмикалық төзімділік жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар 18 жаңа корпустың құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 9 мектеп жанындағы жаңа корпустардың құрылысы аяқталды.

№57, 102, 132, 117, 186 мектептегі қосымша 5 корпус қазан айында пайдалануға беріледі. Ал №34, 177, 191, 43 мектептін қосымша ғимаратын қараша айында қолданысқа беру жоспарда.

Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша даму жоспарын әзірлеу кезінде «алдымен мектеп, содан кейін үй» қағидасын ұстану қажет.

Басты мақсат – қолданыстағы мектептерді шамадан тыс жүктемеу және жаңа шаршы метр тұрғын үйлермен бірге білім беру нысандарын тапсыру.



Жоғары қарай