Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент тапсырмасы: Қарағандыда жол жөндеу жұмыстары тексерілді

2021 жылдың 20 сәуір 2021 17:40

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қаладағы жол жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Майқұдықтағы Карл Маркс – Магнитогорская көшесіндегі жол жұмыстарының барысын Қарағанды әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тексерді. Бүгінгі күні жолды қалпына келтіру жұмыстарына 60 адам және 50 бірлік техника тартылды.

Мердігер биылғы жылы Көгілдір тоған шағын ауданында жөндеуді толық аяқтайды.

Қазір жол құрылысшылары Винницкая көшесінде асфальт төсеу үшін негіз дайындауда. Содан кейін асфальттың үш қабатын төсеп, бүйір тастар орнатылады. Жаяу жүргіншілер жолы жасалады. Сондай-ақ, жарықтандыру тіректері орнатылып, автобус аялдамалары, бағдаршамдар және т. б. ауыстырылады.

Қарағанды қаласына жұмыс сапары барысында қала басшысы 7-ші магистральдың күрделі жөнделуін тексерді. Онда жаңа су құбырлары салынып, асфальт негізі өзгертіліп, оның үш қабаты одан әрі реттеледі.




Әкім Камали Дүйсембеков көшесіне де барды. Онда автожол құрылысы аяқталатыны белгілі. Оның ұзындығы - 1,7 шақырым. Жұмыстар 98%-ға аяқталды.

Сондай-ақ, Қарағандыда кепілдік берілген жолдарды жөндеу жұмыстары басталды. Жалпы, қалада 118 жол бар, оның 80-і биыл аяқталады. Қазір мамандар бұл жолдарды аралап шығып, жол төсемелерінің жағдайын тексеруді жалғастыруда. Бүгінгі таңда 19 учаскеде ақаулар анықталды. Мердігерлер олардың барлығын жоюы тиіс.




Еске сала кетсек, ҚР Президенті 9 сәуірде жыл сайын жөндеуді қажет ететін сапасыз жасалған жолдарды сынға алып, Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдауды тапсырған еді. Сонымен қатар, жол жөндеудегі жұмысты босаңсытқаны үшін бірқатар шенеунік қызметінен босатылды.











Жоғары қарай