Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Президент тапсырмасымен мектептерде жаңа пән енгізілуі мүмкін

2020 жылдың 10 шілде 2020 13:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бағдарламасына «Балалардың экологиялық білімі» атты жаңа пән енгізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге қазіргі уақытта қоғамдық көзқарас тұрғысынан маңызы артып келе жатқан экология проблемасымен айналысу керек. Жыл сайын 5 млн тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдық жиналып қалады. Олардың 15 пайызы ғана өңделуде. Бұл - жеткіліксіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Қазақстан Президенті осыған байланысты мектепте балалардың экологиялық білімі атты жаңа пән енгізу керектігін атап өтті.



Жоғары қарай