Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Президент: Түркістандағы өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлері мемлекеттік наградаға лайық

2019 жылдың 12 қыркүйек 2019 07:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуін тілеймін. Олардың ерен еңбектері мемлекеттік наградаларға лайық» делінген хабарламада.

Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Түркістан қаласында орналасқан »Royal Grand« қонақүйінде орын өрт шығып, салдарынан барлығы 11 адам зардап шеккен.
6 өрт сөндіру қызметкері медициналық көмекке жүгінген. 3 полиция қызметкері және 2 қала тұрғынына медициналық жәрдем көрсетілген.
Орталық қалалық ауруханаға 5 зардап шегуші жеткізілді. Олардың төртеуі жатқызылып, бір азамат қайтарылды. Жарақат бекетіне 3 адам тасымалданды.
Оқиға орнында полицейлер мен ТЖҚ қызметкерлері жұмыс істеп, тілсіз жауды ауыздықтады.

Жоғары қарай