Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент: Үкімет мүшелеріне сөгіс емес – мүмкіндік беріп отырмын

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 13:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Үкімет мүшелеріне тапсырылған міндеттерді орындауда жауапты болуды міндеттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті жиынға қатысушылар. Бүгін өздеріңіз көріп отырсыздар, берілген тапсырмалардың тиісті деңгейде орындалмағаны үшін сөгіс жариялаған жоқпын. Бірақ, кемшіліктер жеткілікті. Мысалы, өз сөзімде айтқандай, халық тұтынатын ең қажетті тауарлардың бағасын өсіріп жібергені үшін қатаң шаралар қолдануа болар еді. Жалпы алғанда сөгіс беру жақсы нәтижеге жетудің аса тиімді жолы емес. Бұл менің нақты ұстанымым. Сондықтан, үкімет мүшелеріне және әкімдерге кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік беріп отырмын. Сондықтан, бүгінгі жиын барысында берілген тапсырмаларды зор жауапкершілікпен орындау қажет. Көктемде бұл мәселеге қайта ораламыз. Сол кезде түрлі себептерге байланысты өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмағандарды қызметінен босату жөнінде нақты шешім қабылдаймыз. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы бүгінгі жиын барысында берілген тапсырмаларды зор жауапкершілікпен орындау қажеттігін ескертті.



Жоғары қарай