Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент Жарлығымен елорда соттарына жаңа судьялар тағайындалды

2020 жылдың 27 қазан 2020 00:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталмыш ведомство төрағасының міндетін атқарушы Абай Көкжалов ҚР Президентінің 2020 жылғы 21 қазанындағы «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлығымен тағайындалған судьяларды таныстырды.

Президент Жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Нүсіпова Шолпан Маратқызы тағайындалды.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьялары қызметіне Қасымова Майя Төлегенқызы, Нұрабай Сәуле Қуанышқызы тағайындалды.

Мақамбетов Ермек Төлегенұлы – Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы қызметіне, Кәрімов Сабыржан Кенжеқанұлы – Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.


Жоғары қарай