Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Президенттік кадр резерві: Нұрсұлтан Байтілесов Жоғарғы Сот Аппараты басшысының орынбасары болды

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 16:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісіміне және Жоғарғы Сот Төрағасының өкіміне сәйкес Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесов Жоғарғы Сот аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол Президенттік Жастар кадрлық резервіне кіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Н.Байтілесов 1991 жылы туған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетін «экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының магистрі.

2009 жылдан бастап Астана қаласы Алматы аудандық сотының жетекші маманы, бас маман-сот отырысының хатшысы, сот приставы, бас маманы, Атырау, Павлодар облыстық соттарының кеңсесі басшысының орынбасары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бас консультанты болып қызмет атқарған.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін – Әскери сот әкімшісінің басшысы, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Осы тағайындауға дейін Шымкент қаласының Соттар әкімшісінің басшысы болды.


Жоғары қарай