Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президенттік кадр резервін жоғары лауазым үміткерлері деп қарауға болмайды - Тоқаев

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 14:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік кадр резервін жоғары лауазымға ұсынылатын үміткерлер тобы деп қарауға болмайды. Бұл туралы бүгін Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл біз президенттік кадр резервін жасақтаймыз. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан, бірнеше сынақтан өткен таңдаулы жастар осы тізімге енеді. Оған тек болашақта жоғары лауазымға ұсынылатын үміткерлер тобы деп қарауға болмайды. Аталған жоба ең алдымен жігерлі жастарды елге шын ниетімен адал қызмет етуге ынталандыруы тиіс. Өз ісін жетік білетін кәсіби мамандардың жаңа буынын қалыптастыру басты міндет», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ҚР Президенті биыл университет спартакиадаларының қозғалысы қайта жаңғыртылғанын, ұлттық спорт түрлерін қолдау және жас жазушылардың әдебиет академиясын ашу үшін нақты жұмыстар атқарылғанын айтты.

«Жалпы қолға алынған барлық бастамалар өздеріңіз сияқты қайратты жастар үшін жасалып отыр. Әрине, ойға алынған нәрсенің бәрін бірден жүзеге асырдық деп айтуға болмас. Бірақ, бұл жұмыстарды алдағы уақытта міндетті түрде жалғастырамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жоғары қарай