Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Президенттік қолдау: 51 мыңнан астам ақмолалық коммуналдық қызметтер үшін өтемақы алады

2020 жылдың 25 сәуір 2020 21:45

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 51 мыңнан астам адам коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге өтемақы алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай көмекке азаматтардың 7 cанаты қол жеткізе алады. Олар 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, мемлекеттік міндетін орындау кезінде көз жұмғандар, соғыс ардагерлері мен мүгедектері, және оларға теңестірілген тұлғалар, ең төмеңгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты ардагерлер.

Осы критерилерге сәйкес, облыстың 51 257 тұрғыны коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге өтемақы алады. Коммуналдық қызметтер үшін өтемақы қаражаты бірден тұтынушылардың жеке шотына аударылады.

«Коммуналдық қызметтер бойынша шығынды өтеу үшін тұтынушылар ақпараттық жүйе арқылы өтініш береді, егер ол болмаса жергілікті атқарушы органдардағы call-орталық арқылы жеке сәйкестендіру нөмірі, әлеуметтік статусы және жеке шоты мәліметін ұсынуы арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде, өтініштерді қабылдау мәселесі шешілуде», - деп атап өтті облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағарламаларды үйлестіру басқармасындағылар.

Айта кетейік, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі төтенше жағдай кезінде карантин режимі енгізілген аумақтардағы елді мекендерге коммуналдық қызметтерді жеткізіп берушілердің шығын өтеудің ережесін бекіткен болатын.


Жоғары қарай