Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президенттік жастар кадр резерві: 1-кезеңнің қорытындысы шығарылды

2021 жылдың 4 қазан 2021 22:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің «қабілеттерді тестілеу» кезеңінің мәтіндік тестілеуінен сүрінбей өткен үміткерлер келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мемлелекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, келесі кезеңге 8 және одан да жоғары балл жинағандар өтті. Олардың нәтижелері туралы ақпарат 4 қазан күнінің соңына дейін pk.rezerv.gov.kz платформасындағы әрбір үміткердің жеке кабинетіне жолданады.

Ал 2021 жылғы 6 қазанда Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің екінші кезеңінде үміткерлер сандық тестілеуден өтеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеуді жүзеге асыруда. Іріктеудің қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші алынатын болады.

Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау.

Іріктеуге осы жылы 8638 адам тиісті құжат тапсырып, тіркеуден өтті», - деді министрліктен.





Жоғары қарай