Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президенттің 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасы қалай орындалып жатыр

2021 жылдың 4 қараша 2021 11:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Президенттің 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасының қалай орындалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орман қорында 2 миллиардтан астам ағаш отырғызу жұмыстары жалғасуда. 5 жылға арналған кешенді жоспарлар бекітілді. Орманды толықтыруды бақылау мен мониторингілеуге арналған интерактивті карта жасалды. Атап айтқанда, бүгінгі таңда жоспарланған 129 млн ағаштың 89 миллионы отырғызылды», - деді С. Брекешев Үкімет отырысында.

Одан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арал теңізінің құрғаған түбіне жалпы көлемі 1,1 млн гектар жерге сексеуіл отырғызу басталды.

«Биыл сексеуіл егу 100 мың га алқапта, келесі 4 жылда жыл сайын 250 мың га алқапта жүргізілетін болады. Өзбекстан Республикасының оң тәжірибесін қолдана отырып, біз алғаш рет сексеуілді аэро егуді жүргізуді жоспарлап отырғанымызды атап өту қажет. Ынтымақтастық жөніндегі тиісті жол картасына қол қойылды», - деп атап өтті министр.

Еске сала кетсек, Президент Қ. Тоқаев 2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында 5 жылда 2 млрд түп ағаш отырғызу туралы тапсырма берген болатын.


Жоғары қарай