Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Приозерскідегі ұзаққа созылған құрылыс қайта жанданды

2021 жылдың 26 мамыр 2021 22:00

ПРИОЗЕРСК. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Приозерск қаласында құрылысы ұзаққа созылған үйлердің бірі аяқталып келеді. Көптен күткен су тазарту құрылыстарының жобасы 90%-ға дайын. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қалаға жұмыс сапары барысында проблемалық нысанда болып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нысандағы жұмыстар қымбаттауға байланысты бірнеше жылға тоқтатылды. Қазір жоба-смета құжаттамасы түзетілді, Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2021 бойынша осы жылдың соңына дейін нысанды аяқтауы тиіс мердігер анықталды. Құрылыс технологиясына сәйкес, тазартудан кейін кәріз тазарту қондырғысына келетін суды екінші рет қолдануға болады. Жобаны іске асыру 33 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Облыс әкіміне қаланың жылу беру маусымына дайындығы туралы да баяндалды. Жеңіс Қасымбек жоспарлы жөндеу жұмыс басталған қазандықты бақылап қайтты. Процесс барысында мамандар жүйенің тиімділігін арттыратын қосалқы жабдық – экономайзерлерді жөндеу қажеттілігін анықтады. Облыс басшысына қаржыландыруға көмек сұрап жүгінді. Жабдықты қалпына келтіруге 104 миллион теңге қажет. Жеңіс Қасымбек бұл мәселені пысықтауды тапсырды.




Сонымен қатар, облыс басшысына қаланың сыртқы өзгерістері туралы да айтылды. Мысалы, «Жеңіс» бульвары қалай абаттандырылып жатқаны көрсетілді. Көше «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша ретке келтірілуде. Гүлзар қала тұрғындарының демалуы үшін барынша ыңғайлы етіп қайта қалыпқа келтіріледі. Мұнда жарықтандыру, шағын сәулет нысандары, орындықтар орнатылады, көгалдандырылған аймақтар көбейеді.

Приозерск қаласында көп қабатты үйлердің қасбеті мен шатырын жөндеуге, аулаларды абаттандыруға бюджеттен қаражат бөлінді, олардың тек үшеуін ретке келтіру ғана қалды. Қалған 26-сы өткен жылдары жөнделді.

Ал қалада кезекте тұрғандар үшін 45 пәтерлік бес қабатты үй салына бастады.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі қалалық емханадағы вакцинация орталығына да барды. Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына қарсы 750 Приозерск тұрғыны толық егілді, вакцинаның бірінші компонентін 1 929 адам алды.














Жоғары қарай