Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ПТР анықтамасы жоқ шетелдікті бортқа кіргізген әуе компаниясына қанша айыппұл салынады

2020 жылдың 27 қазан 2020 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ПТР-тест анықтамасы жоқ шетел азаматын бортқа кіргізген әуе компаниясына 1600 АЕК айыппұл салынады. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ведомствоаралық комиссияның әуе компанияларына ПТР тесті нәтижесі туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешімін түсіндірген болатын. Бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты. Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР тестілеуден өткені туралы анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар. Мұндай жағдайда Қазақстанға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылатын болады. ҚР өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде ПТР тест нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді.

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов бұл ақпаратты растай отырып, шетелде жүрген отандастарымызға елге келерде міндетті түрде ПТР тестіден өту керектігін ескертті.

«Бүгінгі алыс болсын, жақын болсын шетелде жүрген отандастарымызға ПТР тестіден өтудің қиындығы жоқ. Себебі халықаралық әуежайларда, қалалар мен отельдерде тест тапсыратын пункт бар. Анализ қорытындысы бір тәуліктің ішінде белгілі болады. Біздің мониторинг көрсетіп отырғандай, екі күндік карантинге жатқызылатын отандастарымыздың көбі демалыстан келеді. Көбі Түркия мен Араб Әмірліктерінен оралады. Ал жұмыс сапарымен барған отандастарымыз бен студенттеріміз ПТР анықтамамен оралуда», - деді Сәдуақас Байғабылов.

Ол сонымен қатар 27 қазаннан бастап ПТР тест анықтамасынсыз келетін шетелдіктер елге кіргізілмейтінін ескертті.

«Ал бортқа ПТР анықтамасы жоқ шетелдіктерді кіргізген әуе компаниялары әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Әуе компанияларының мұндай құқықбұзушылығы үшін 1600 АЕК көлемінде айыппұл салынады», - деді ол.


Жоғары қарай