Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Путин «Ресей халқы Ассамблеясы» ұйымын құру туралы Жарлыққа қол қойды

2020 жылдың 13 қараша 2020 19:57

МӘСКЕУ. ТАСС. ҚазАқпарат - Ресей президенті Владимир Путин «Ресей халқы Ассамблеясы» бүкілресейлік қоғамдық-мемлекеттік ұйымын құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Құжат жұма күні Құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.

«Қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен «Ресей халқының Ассамблеясы» бүкілресейлік қоғамдық-мемлекеттік ұйымын құру орынды деп саналсын», - делінген Жарлықта.

Ұйым «мемлекеттік ұлттық саясатты жетілдіру, бүкілресейлік азаматтық бірегейлік пен ұлтаралық келісімді нығайтуға жәрдемдесу мақсатында» құрылды.

Ассамблеяның құрылтайшысы Ұлттар істері жөніндегі федералдық агенттік болып белгіленді. Ұйым қызметінің негізгі бағыттары Ресей Федерациясының 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік ұлттық саясатының стратегиясын іске асыруға қатысу, Ресей халықтарының этномәдени және тілдік әртүрлілігін сақтау, байырғы аз халықтардың құқықтарын сақтауға жәрдемдесу, шетелде тұратын отандастарға қолдау көрсетуге қатысу және т. б. болады.


Басты сөздер: Ресей, Қоғам, Әлем,
Жоғары қарай