Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Qazaq radiosy шекара маңындағы 400-ден астам ауылда хабар тарата бастайды

2021 жылдың 2 наурыз 2021 19:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Qazaq radiosy шекара маңындағы 400-ден астам ауылда хабар таратуды бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Qazaq radiosy-ның 100 жылдығы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 630 мыңнан астам тұрғыны бар Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының шекара маңындағы 400-ден астам ауыл отандық радиоарналардың хабарларын тыңдауға мүмкіндік алады.

«ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен шекара маңындағы аудандарда Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін радиостансалар желісін кеңейту туралы шешім әзірленді. Qazaq radiosy бағдарламаларын тарату басым тәртіппен жүргізілетін болады. Бұл жобаны іске асыру үшін ҚР шекара маңы аумақтарында радиохабар таратудың мемлекеттік желісін дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді.

Жол картасына сәйкес радиохабар тарату желісін 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін төрт кезеңде дамыту жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Министрлікпен телерадио хабарларын тарату үшін радиожиілік спектрін (РЖС) бөлу бойынша конкурс өткізілді.

Министрлікпен өткізілетін конкурста 107 радиожиілік спектрі бөлінді. Оның 89-ы Qazaq radiosy, 18-і «Шалқар» радиосы үшін», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, радиожиілік беру 2022-2025 жылдарға арналған ҚР шекара маңы аумақтарында радиохабар таратудың мемлекеттік желісін дамыту жөніндегі жол картасының 1-кезеңіне сәйкес жүзеге асырылды.

Биыл эфирлік хабар тарату бойынша алғашқы және ең ауқымды радиоарна - Qazaq radiosy 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. Қазір Qazaq radiosy еліміздің 89% аумағында хабар таратады және Қазақстанның барлық шекаралас аудандарын қамтуды жоспарлап отыр.


Жоғары қарай