Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Qazaqstan» арнасында Таулы Қарабақ туралы деректі фильм көрсетілді

2021 жылдың 28 ақпан 2021 23:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Qazaqstan» ұлттық арнасында «Таулы Қарабақ: жаңа бітім» бағдарламасы көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағдарламада Әзербайжан мен Армения арасында 30 жылға созылған келіссөздер нәтиже жан - жақты айтылды.

«Қарабақ оқиғасы ө ткен жылы күрделеніп, әскери қақтығысқа ұласты. Әзербайжан тарапы әскери әрекеттерге көшіп, қарсы шабуыл жасады. Әлем пандемияның екінші толқынымен күресті бастаған кезде Таулы Қарабақтың айналасында нағыз шайқас басталып кетті. Әзербайжан қарулы күштері шабуылды үдетіп, бір кездері айырылып қалған бірқатар аудандары мен Қарабақтың орталығы саналатын Шушаға кіріп үлгерді» , - деді бағдарлама жүргізушісі .

Бағдарлама барысында әзербайжандық қария қазақстандықтарға алғыс айтты.

« Бұл жерде біздің қаһарман ұлдарымыз жатыр. Олар халқымыздың азаттығы үшін жандарын беріп, шейіт болды. Қазақ халқына бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс білдіремін» , - дейді бакулық қария.



Жоғары қарай