Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«QazVac» салдырған адамдар реанимацияға түскен емес – Марат Шоранов

2021 жылдың 19 мамыр 2021 19:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов «QazVac» вакцинасынан кейін адамдар реанимация жатыр деген ақпарат жалған екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«QazVac» вакцинасы 26 сәуірде бастадық. Екінші компоненті осы аптада, 17 мамырдан басталып отыр. Демек, «QazVac» вакцинасынан кейін адамдар реанимация жатыр деген ақпарат жалған», - деді бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Ал Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният «Спутником V» вакцинасын салдырғаннан кейін жағдайы ауырлаған адамдардың болмағандығын айтады.

«Қазір министрлікте вакцина салдырғаннан кейін ауыр жағдайда жатқан адамдар туралы ақпарат жоқ. Республика бойынша бүгінде жағдайы ауыр 110-нан астам пациент бар. Бұл адамдардың хал-жағдайын еліміздегі ең беделді, білікті мамандармен кеңесе отырып қадағалаудамыз. Ал вакцинадан кейін ауыр хәлде жатқан адамдар туралы ақпарат түспеді», - деді ол.


Жоғары қарай