Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

QazVac вакцинасының клиникалық зерттеу нәтижелері қашан жарияланады

2021 жылдың 16 маусым 2021 13:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – QazVac вакцинасының клиникалық зерттеуінің жан-жақты параметрлері таяу уақытта жарияланады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медицина қауымдастығы қазіргі уақытта қолдануға енгізілген отандық QazVaс вакцинасын әзірлеудегі Қазақстанның жоғары жетістігін мақұлдайды. Ол клиникалық сынақтың кезеңдерінен өтті. Қазір клиникалық практикада тұр. Бұл вакцинаны биологиялық қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін біздің жетекші салалық мамандар да қуаттайды. Денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық мамандар бұл әлеуетті жоғары бағалайды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар ол вакцинаға қатысты ақпараттардың әлі күнге қолжетімді болмай отырғандығын түсіндіріп өтті.

«Білім және ғылым министрлігі, Биологиялық қауіпсіздік мәселері институты бірқатар рейтингтік журналға бірнеше мақалаларын жіберді. Нұсқаулықта негізгі ақпараттар, қолдану нұсқаулығы, тиімділігі, көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштері бойынша позициясы қамтылған. Халыққа жеткізілген. Азаматтарға вакцинация барысында айтылады. Таяу уақытта клиникалық зерттеудің жан-жақты параметрлері жарияланады. Бұл ретте ешқандай құпия жоқ. Бұл таза процедуралық процесс», - деді Алексей Цой.


Жоғары қарай