Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 15:04

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы «QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының екі директорын қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының хабарлауынша, «QI-Trade Kazakhstan» ЖШС-нің 30 жастағы және 26 жастағы екі директоры ұсталып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі бойынша квалификацияланған.

«Бір күн бұрын сот «қамауға алу» түріндегі алдын алу шарасын санкциялады. Сонымен қатар, ЖШС-нің бас директоры 26 жастағы жігітке халықаралық іздеу салынғанын еске саламыз. Қазіргі уақытта оның тұрған жері мен ұсталуын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Компанияның ағымдағы шоттарына шектеулер қойылды. Тергеу әрекеттері жәбірленушілер мен осы ЖШС-нің басқа қызметкерлерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеу органы заңды баға береді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустем Абдрахманов.


Жоғары қарай