Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

QR-код арқылы қандай қызметтерді алуға болатыны анықталды

2020 жылдың 11 маусым 2020 16:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде egov.kz порталынан QR-код арқылы алуға болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарт.

Министрдің айтуынша, QR-код арқылы алуға болатын қызметтерді осы айда ұсыну үшін техник мамандар жұмыс істеуде. QR-код арқылы алуға болатын алғашқы мемлекеттік қызметтер: некені тіркеу, баланың туғанын тіркеу, балабақша кезегіне қою, заңды тұлғаны тіркеу, салық есебін қабылдау (250 форма).

«Бұл қызметтерді компьютер арқылы алу барысында ЭЦҚ-ға қол қою кезінде QR-кодты сканерлеп, қызметті eGov mobile қосымшасы арқылы алуға сұрау жіберуге болады. Ол үшін компьютеріңізге ЭЦҚ-ны пайдалану үшін қосымша бағдарлама орнатудың қажеті жоқ», - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Осылайша, азамат eGov.kz порталынан қызметтерді алу барысында «QR-code арқылы қол қою» функциясын таңдай алады. Содан соң eGovMobile қосымшасын пайдаланып, мониторда пайда болған кодты сканерлейді.

Осы айдың соңында кейбір қызметтерді QR-код арқылы алу мүмкіндігі іске асырылады. Алдағы уақытта QR-кодтың көмегімен алуға болатын қызметтердің қатары көбейеді.

«eGov mobile» қосымшасы App Store және PlayMarket платформаларында бар. Сондай-ақ, аталған мобильді қосымшада сұранысқа көп ие қызметтер мен сервистердің 60 түрі қолжетімді. Азаматтың жеке куәлігі секілді «цифрлық құжаттары» да енгізілген. Мобильді қосымшаны толыққанды пайдалану үшін ЭЦҚ-ның болуы шарт және мобильдік азаматтар базасында тіркелуіңіз керек.





Жоғары қарай