Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы қашан өтеді

2020 жылдың 18 қазан 2020 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы 21 қазанда өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеңесшім, Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабартимен кездесу барысында биылғы 21 қазанда өтетін кеңестің алғашқы отырыcының күн тәртібін талқыладық. Негізгі реформалар айқындалды, оларды пысықтау жуық арада басталуы керек» деп жазды Қазақстан Президенті Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, біз осыған дейін Президент жанынан реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылғанын хабарлаған болатынбыз.

Бұл кеңес мемлекеттік органдардың бастамасымен реформалар жөніндегі аса маңызды ұсыныстарды қарау және бекітумен айналысады.

Оның жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында кеңес құрамына Еуропалық қайта құру және даму банкінің экс-президенті Сума Чакрабарти енгізілген.


Жоғары қарай